«Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 31 бұйрығы (күші жойылды)

«Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 31 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығымен күші жойылды

 

2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8421 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 25 ақпандағы № 38 (28262) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

сегізінші, он бірінші, он екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отыз екінші абзацтар алып тасталсын;

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ инфекциясын) иммундық-ферменттік талдау әдісімен қанды зертханалық тексеру нәтижелері туралы есеп (4-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өткізілген телемедициналық консультациялар мен бейне-конференцбайланыс сеанстарының саны туралы есеп (16-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдардың төсек қорын пайдалану туралы есеп (21-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес анықталған диагнозбен өмірінде алғаш рет тіркелген аурулардың саны туралы есеп (56-нысан) жаңа редакцияда жазылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.