«Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесін беруге жататын ғылыми табиғи объектілерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 104 бұйрығы (2026.07.08. берілген өзгерістермен)

«Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесін беруге жататын ғылыми табиғи объектілерді айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 104 бұйрығы

(2026.07.08. берілген өзгерістермен)

 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесін беруге жататын ғылыми табиғи объектілерді айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары

білім министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.21.07. № 138 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 7 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи

ресурстар министрінің м.а.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.