(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ПАЙДАЛАНЫЛАТ...

Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 317 бұйрығы

(2019.27.05. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.27.05. № 331 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты «Көкшетау арқылы Нұр-Сұлтан - Петропавл» автомобиль жолының «Нұр-Сұлтан - Щучье» 18+772 километр (бұдан әрі - км) - 230+250 км учаскесі (бұдан әрі - ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылады;

2) баламалы жол жүріп өту: «РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Нұр-Сұлтан - Атбасар» учаскесі, «Көкшетау - Атбасар» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Атбасар - Зеренді» учаскесі», «Щучье - Зеренді» республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін;

3) ақылы жолдың бастапқы пункті - 18+772 км, ақылы жолдың соңғы пункті - 230+250 км;

4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы - І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр;

алымдар алу пункттері жеріндегі автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,00 метр;

алым алу пункттері жерінде жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені - кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған;

автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта 6 белдеу;

6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы - 211 км 478 метр;

7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем ставкалары осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес айқындалады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.