«Қарағанды және Маңғыстау облыстарының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2022 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 279 Қаулысы (2022.05.08. берілген өзгерістермен)

Қарағанды және Маңғыстау облыстарының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2022 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 279 Қаулысы

(2022.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қарағанды және Маңғыстау облыстарының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2022 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.

2. Қарағанды және Маңғыстау облыстарының жергілікті атқарушы органдары 2022 жылға арналған облыстық бюджетте тиісті түсімдерді көздейтін шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде мәслихаттың көрсетілген шешімін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қарағанды және Маңғыстау облыстарының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;

2) бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4. Қарағанды және Маңғыстау облыстарының жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне бюджеттік кредиттің игерілуі туралы ақпарат беріп тұрсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.