«Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 2/262-755 Қаулысы

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 2/262-755 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес «Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 10 сауірдегі № 03.4 - 15/218-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:

1. Көрме залын салу үшін «Atakent Asia Development» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бостандық ауданы, Тимирязев көшесі, 187/2 учаскесі мекенжайы бойынша орналасқан, ауданы 1,4617 га (кадастрлық нөмірі 20-313-011-698) жер учакесі мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.

3. Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6-қабат, 605-кеңсе болып белгіленсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.