Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрлері арасында міндеттерді бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 75-НҚ бұйрығы
(2024.06.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 294-НҚ бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 19-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрлері арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | А. Балаева |
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024.06.05. № 177-НҚ бұйрығымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2024 жылғы 22 ақпандағы
№ 75-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі,
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы және
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрлері арасындағы міндеттерді
бөлу
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі
А.Ғ. Балаева
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) қызметін үйлестіреді және жалпы басшылықты жүзеге асырады.