«Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 501 бұйрығы

«Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 501 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларында:

8-тармақ алып тасталсын;

10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды бөлуді Отбасы банкі осы қағидалардың талаптарын ескере отырып жүзеге асырады.

Мемлекеттік бюджет есебінен салынған және (немесе) сатып алынған коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған нысаналы мақсатына сәйкес үйлестіріледі.

11. Тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар ЭЦҚ арқылы Отбасы банкінің интернет-ресурсындағы жеке кабинетінен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайды алуға келісу туралы өтінішке қол қояды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.