(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ««ЖЕТІМ БАЛАНЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ...

Осы редакция 2026 ж. 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024.16.02. № 35 бұйрығымен 7-қосымшамен толықтырылды (2024 ж. 5 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы 24 сәуірдегі

№ 158 бұйрыққа 7-қосымша

 

 

«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалуы, қайтарылуы және мөлшері»

мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалуы, қайтарылуы және мөлшері» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабының 2-тармағына, сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған кезде біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару және мөлшерлеу тәртібін айқындайды.

2. Төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтарына тағайындалды.

3. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем жетпіс бес айлық есептік көрсеткішті құрайды.

 

 

2-тарау. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған кезде біржолғы ақшалай төлемді тағайындау тәртібі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.