«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 446 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2018 жылғы 20 наурыздағы

№ 446 бұйрығына

2-қосымша

 

ҚР Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен күші жойылды

 

«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру, қайта рәсімдеу немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 61 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген № 16309) бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» стандартының 11-тармағында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылып (бұдан әрі - ЭЦҚ), электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

 

 

2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету барысында көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық

бөлiмшелерiнің (қызметкерлерiнiң) әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

 

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық сауалының бар болуы мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) басталуына негiздеме болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінің құрамына кiретiн рәсiмдер (әрекеттер):

1) 1-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау сауалын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.