Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, қайта өңдеуге арналған тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына өнім өндіру мақсатында импортталатын тауарлардың, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 126 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, қайта өңдеуге арналған тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына өнім өндіру мақсатында импортталатын тауарлардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, қайта өңдеуге арналған тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына өнім өндіру мақсатында тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.