«Кредиттік бюромен активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерін мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну қағидалары мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 625 бұйрығы (күші жойылды)

Кредиттік бюромен активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерін мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну қағидалары мен нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 625 бұйрығы

 

3-тармаққа сәйкес 2025 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 30-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кредиттік бюромен активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерін мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерінің нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерінің нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.