«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 маусымдағы № 141 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ереженің 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Аппарат басшысының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 141 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:
Агенттіктің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің құрамына:
| Эльбрус Султанкулович - Султанкулов | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы облысы бойынша өкілі енгізілсін; |
осы кеңестің құрамынан Қ.С. Чункунов шығарылсын;
2) көрсетілген бұйрыққа 9-қосымшада:
Агенттіктің Қарағанды облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің құрамына:
| Антонина Сериковна - Киздарбекова | «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Карағанды университеті» КЕАҚ Корпоративтік хатшысы енгізілсін; |
осы кеңестің құрамынан Е.А. Строчкова шығарылсын;
3) көрсетілген бұйрыққа 14-қосымшада: