«Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 9 қазандағы № 681 бұйрығы

 «Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 9 қазандағы № 681 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 520 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36900 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деңгейлес мониторингке кіру үшін салық төлеушінің деректер сөресін ұйымдастыру жөніндегі ең төменгі талаптарда:

2-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) есепке алу жүйесі - қаржылық, салықтық және өзге де есептілікті құру мақсатында салық төлеушінің активтері, міндеттемелері, капиталы, шаруашылық және өзге де операциялары туралы деректерді жинауға, тіркеуге, өңдеуге арналған цифрлық жүйе;»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) деректер сөресі - деңгейлес мониторинг шеңберінде уәкілетті орган мен салық төлеуші арасында кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын цифрлық жүйе.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Деректер сөресі ретінде көзделген цифрлық жүйе:

1) салық төлеушінің есепке алу жүйесімен интеграцияланған салық төлеушінің жеке цифрлық жүйесі;

2) салық төлеушінің қолданыстағы есепке алу жүйесіне үстеме және (немесе) қосымша функционал түрінде іске асырылуы мүмкін.»;

14-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің цифрлық жүйелерімен («Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» цифрлық жүйесімен және электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесімен) цифрландыру және киберқауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігіне сынақтардан сәтті өткен жағдайда деректер сөресін интеграциялау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.