«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 862 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 862 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

21-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«21-1) аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар болған кезде шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

50) тармақша алып тасталсын;

52) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды;»;

мынадай мазмұндағы 95-1) және 95-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«95-1) жемдік қорды басқару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

95-2) астық нарығы жөніндегі операторға жемдік қорды сақтау шығыстарын өтейді;»;

508-35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«508-35) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;

508-36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«508-36) балық ресурстарының және басқа су жануарларының санын реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

508-43) тармақша алып тасталсын;

508-47) және 508-48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«508-47) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.