«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 214 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 214 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы Үлгілік бағдарламада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) авариялық жабдық - борттағылардың барлықтарының өмірін сақтау және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шұғыл шараларды қолдануды қажет ететін авариялық немесе штаттан тыс жағдайларда қолдануға арналған әуе кемесінің бортында (бұдан әрі - ӘК) орналасқан немесе бекітілген жабдық (мысалы: жолаушылар салонында оттегіні таратушы, балта, өрт сөндіргіш, түтіннен қорғайтын оттегі капюшоны, ажыратқыш механикалық құралы, авариялық басқыш);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.