2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/69-VІІІ шешімі
(2024.15.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024.06.03. № 11/89-VIII шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.12.04. № 12/95-VIII шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.24.05. № 13/104-VIII шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.01.07. № 14/116-VIII шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.14.08. № 15/120-VІІІ шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.11.10. № 17/135-VІІІ шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.15.11. № 18/138-VIII шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 467 262 008,7 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 87 109 645,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 6 001 177,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 13 839,4 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 374 137 346,2 мың теңге;
2) шығындар - 458 243 125,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 12 129 306,7 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 24 505 730,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 12 376 423,3 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 7 705 523,8 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 7 705 523,8 мың теңге;