Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 737 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті алуға арналған сауалнама нысандарын, уәкілетті экономикалық операторлар тізілімін, уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 26 шілдедегі № 372 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6383 болып тіркелген, «Казахстанская правда» № 218 (26279) газетінде 2010 жылғы 18 тамызда жарияланған);