Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 332 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«