Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығы
(2021.31.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 14 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70-37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.