«Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-02-01/94 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 124 бұйрығы

 «Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-02-01/94 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 124 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-02-01/94 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 65796 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру тәртібі»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Табиғат қорғау мекемесінің ғылыми қызметін жоспарлау Қазақстан Республикасы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» Занының 41-бабы 3-тармағының ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекітетін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына (бұдан әрі - Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Тиісті негіздеме мен табиғат қорғау мекемесінің ҒТК шешімі болған жағдайда ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады.»;

3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Ғылыми жұмыстар жүргізу тәртібі»;

Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;

Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.