ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы
(2025.01.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2022.05.12. № 40 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;
2) Агенттіктің құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
4) арнаулы атақтар берілетін Агенттік лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтардың тізбесі («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар) бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.