Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 13 қазандағы № 401 бұйрығы
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қағидалардың 77 және 78-тармақтары 2027 жылғы 1 шілдеден бастап мынадай редакцияда қолданылатындығы белгіленсін:
«77. Еңбек мобильділігі орталығы төлемдерді тағайындау туралы шешімдер негізінде қоныс аударуға арналған субсидияларды төлеуге, мүліктік жалдауға (жалға алуға) алынған тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеу шығыстарын өтеуге, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын төлеуге бюджет қаражатына қажеттілікті ай сайын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.