«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 20/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 16/3 шешімі (күші жойылды)

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 20/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 16/3 шешімі

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 мамырдағы № 25/2 шешімімен күші жойылды

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 20/17 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4675 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы»;

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 576-бабы 8-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы

В. Бубенко

 

Солтүстік Қазақстан

облыстық мәслихатының

2022 жылғы 20 сәуірдегі

№ 16/3 шешіміне қосымша

 

Солтүстік Қазақстан

облыстық мәслихатының

2018 жылғы 13 сәуірдегі

№ 20/17 шешіміне қосымша

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы

мөлшерлемелері

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.