«Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 172 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсетуді стандартында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек медициналық көмектің деңгейлері (бірінші, екінші, үшінші) бойынша жоспарлы түрде көрсетіледі.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Бірінші деңгейде стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек:
1) дәрігердің қарап-тексеруін, көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың консультацияларын;
2) КХ сәйкес зертханалық зерттеулерге материал жинау (медициналық көмекті үйде көрсеткенде);
3) пациенттің жай-күйін динамикалық бағалау үшін медициналық көрсетілімдер бойынша көрсетілетін диагностикалық қызметтер;
4) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, медициналық манипуляциялар жүргізу арқылы негізгі ауруды емдеуді (бұлшық ет ішіне және вена ішіне инъекциялар таңу);
5) паллиативтік медициналық көмек және мейіргерлік күтім көрсетуді;
6) № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрыққа сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру;