«Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 152 Қаулысы (2025.10.06. берілген өзгерістермен)

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 152 Қаулысы

(2025.10.06. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

2. Шал ақын ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және таңдаушылармен кездесу үшін үй-жайларды ұсыну туралы» 2017 жылғы 6 маусымдағы № 99 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4221 болып тіркелген);

2) «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін үй - жайларды ұсыну туралы» 2019 жылғы 6 мамырдағы № 85 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5401 болып тіркелген).

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі

Р. Смагулов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Шал ақын ауданының аумақтық

сайлау комиссиясымен

 

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2024.20.03. № 67 Қаулысымен (2021 ж. 12 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.27.05. № 142 Қаулысымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда

Солтүстік Қазақстан облысы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.