(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДІНИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕ...

Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығы

(2022.19.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022.14.02. № 36 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

4) ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022.01.12. № 530 бұйрығымен алып тасталды (2022 ж. 19 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.