Нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 682 бұйрығы
(2025.06.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2022.30.11. № 388 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2022.30.11. № 388 бұйрығымен (2022 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің м.а. 2024.23.12. № 483 бұйрығымен (2025 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 319) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;