«Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауы не растаудан уәжді бас тартуы жағдайларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 425 бұйрығы (күші жойылды)

Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауы не растаудан уәжді бас тартуы жағдайларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 425 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 628 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабы 7-тармағына және 475-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауы не растаудан уәжді бас тартуы жағдайлары бекітілсін.

2. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлену фактісін растауы туралы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 134 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16428 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.