Алматы қаласының аумағында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 3/464 және Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 355 бірлескен қаулысы және шешімі
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 «Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласында жеке меншікке беру кезінде жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары бір шаршы метріне 6200 (алты мың екі жүз) теңге көлемінде белгіленсін.