«Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 7 бұйрығы (2022.14.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 7 бұйрығы

(2022.14.06. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 14 мамырдағы № 28 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.14.06. № 45 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.14.06. № 45 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 119-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.14.06. № 45 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Мыналар:

1) «Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9787 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қазандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2) «Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 708 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12443 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.