««Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 270 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 124 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. ««Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 270 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34774 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі - МТК) - жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: