«Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 214 Қаулысы

 «Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 214 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 31) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану тәртібін айқындайды.»;

2-тармақтың 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«4) қосалқы басқару пункті (қалалық, қала сыртындағы) - соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында азаматтық қорғаудың басқару органының пайдалануы үшін арнайы жабдықталған, байланыс құралдарымен және арналарымен жарақтандырылған құрылысжай, стационарлық басқару пункті;

5) көмекші басқару пункті - күштер мен құралдарды азаматтық қорғаныстың басқару пункттерінен басқару қиындағанда немесе мүмкін болмағанда соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында құрылатын арнайы жабдықталған құрылысжай, қосалқы басқару пункті;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.