«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № А-9/435 қаулысымен бекітілді) (2019.06.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 15 қыркүйектегі

№ А-9/435 қаулысымен

бекітілді

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № А-2/54 Қаулысымен күші жойылды

 

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2019.06.05. берілген өзгерістермен)


1. Жалпы ережелер

 

1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының жергілікті атқаушы органдарымен, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтерінің әкімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО);

3) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ақмола облысы әкімдігінің 2019.06.05. № А-5/208 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Ақмола облысы әкімдігінің 2019.06.05. № А-5/208 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелді) (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.