«Отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 349-н/қ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 148-н/қ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 349-н/қ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 148-н/қ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 349-н/қ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Отын-энергетика кешені саласындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы»;

бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Отын-энергетика кешені саласындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында ресми ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиісті.

 

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі

 

Е. Аккенженов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.