«Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 164 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 336 бұйрығы

«Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 164 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 336 бұйрығы

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10548 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 ақпанда жарияланған,) мынандай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарында:

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Шұғыл эвакуациялық, жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тоннаға дейінгі, экипаж құрамы екі ауысыммен жұмыс жасайтын және жағалауда жүзуді жүзеге асыратын кемелердің экипажының ең аз құрамына капитан және аға механик кіреді.»;

мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. «Aut» рәмізімен мұз сыныпты авариялық-құтқару буксирларында кеме экипажының ең аз құрамына вахталық капитанның көмекшісі және вахталық механик тиісінше электромеханикпен және екінші механикпен аустырылады.».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.