Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 бұйрығы
(2022.25.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020.20.04. № 27/қе бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020.20.04. № 27/қе бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.29.07. № 44/қе бұйрығымен (2022 ж. 25 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 5-тармағына, 77-бабының 4-тармағына және 78-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020.20.04. № 27/қе бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бқйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде, мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында жариялауды.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері таныстырылсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.