«Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 341 бұйрығы

 «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 341 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректер жинауға арналған нысандар:

1) пайдаланушылардың балық және басқа да су жануарларын аулау квотасын игеруі туралы мәліметтер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қорғауды жүзеге асыратын жануарлар дүниесi пайдаланушыларының қорықшылық қызметтер туралы мәліметтері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) пайдаланушылардың ағымдағы жылда балық шаруашылығын дамытуға жоспарланған қаржылай қаражаты көлемінің орындалуы туралы мәліметтер осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4) пайдаланушылардың балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітудің бүкіл кезеңінде балық шаруашылығын дамытуға жоспарланған қаржылай қаражатының көлемдері туралы мәліметтер осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

5) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері туралы мәліметтер осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;

6) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері туралы мәліметтер осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;

7) пайдаланушыларды материалдық-техникалық жарақтау туралы мәліметтер осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.