Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 580 бұйрығына
24-қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жылу электр станцияларындағы энергияны үнемдеу іс-шараларының экономикалық тиімділігін экспресс-бағалау жөніндегі
әдістемелік нұсқаулар
1. Осы Жылу электр станцияларындағы энергияны үнемдеу іс-шараларының экономикалық тиімділігін экспресс-бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқаулар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленген, жылу электр станцияларында жүргізілетін энергия үнемдеу іс-шараларының тиімділігін анықтау бойынша экспресс-бағалау есептеулерін жүргізудің бірыңғай қағидаттары мен тәртібін белгілейді.
2. Әдістемелік нұсқаулар экспресс-бағалау есептерінің жолымен неғұрлым тиімді іс-шараларды іріктеу негізінде отын-энергетика ресурстарын үнемдеу әдістерін анықтайды.
3. Әдістемелік нұсқаулар дәлме дәлдіктің жеткілікті дәрежесі бар егжей-тегжейлі есептеулер жүргізбей, болжамды барлық іс-шаралардың құрамынан анағұрлым тиімділерін анықтауға мүмкіндік береді.
4. Әдістемелік нұсқауларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) қарапайым өлшемшарттар - уақыт факторы ескерілмеген өлшемшарттар;
2) интегралдық өлшемшарттар - дисконттауды қолдану арқылы есептелетін өлшемшарттар;
3) өтелу мерзімі - іс-шараға салынған капитал салымдарын қайтару жылдамдығы;
4) дисконттау - белгілі бір уақыт сәтіне барлық төлемдердіғ құнын келтіру жолымен ағша ағынының құнын айқындау;
5) дисконт нормасы - салынған қаражатқа кірістіліктің инвестор талап ететін нормасы.
Осы Әдістемелік нұсқауларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Жылу электр станцияларындағы энергия үнемдеу іс-шаралары тиімділігінің өлшемшарттары