«Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтер көрсету құнын айқындау, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 426 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 181 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтер көрсету құнын айқындау, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 426 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18909 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесін бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесі бекітілсін.»;