«Электрондық үкімет» порталы арқылы газдандыруға техникалық шарттарды беру» өмірлік жағдайын цифрландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 356/НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

«Электрондық үкімет» порталы арқылы газдандыруға техникалық шарттарды беру» өмірлік жағдайын цифрландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 356/НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірлескен бұйрығы

 

Қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында және «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Электрондық үкімет» порталы арқылы газдандыруға техникалық шарттарды беру» өмірлік жағдайын автоматтандыру жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі - Пилоттық жоба) 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізілсін.

2. Қоса беріліп отырған «Электрондық үкімет» порталы арқылы газдандыруға техникалық шарттарды беру» өмірлік жағдайын автоматтандыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі өзара іс қимыл алгоритмі (бұдан әрі - Алгоритм) бекітілсін.

3. «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы (келісу бойынша) «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен бірлесіп пилоттық жобаны іске асыру үшін, сондай-ақ мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және тұтынушылар үшін реттеліп көрсетілетін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру үшін Алгоритмге және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы, 38-бабының 2-1-тармағының және 49-бабының 2-тармағының 4) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 сәуірде № 16777 болып тіркелді) бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 4 және 8-тармақтарының талаптарына сәйкес ақпараттандыру объектілері иелерінің сұраныстары бойынша «Smart Bridge» платформасы арқылы ақпараттық жүйелердің қажетті сервистеріне қосылуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.