Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағар май материалдарының және арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 393 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 28-5) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағар май материалдарының және арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде ресми жариялау мен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.Ж. Жанжүменовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.