«Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 350 бұйрығы

«Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 350 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9508 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларында:

1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резерві - белгілі бір номенклатура мен көлемдегі техника және материалдық құндылықтар (бұдан әрі - материалдық құндылықтар), оның ішінде дәрілік заттар, медициналық бұйымдардың запастары;»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервін құру және пайдалану»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтармен операция жүргізу»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.