«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XI сессиясының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 65 шешiмi

«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XI сессиясының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 65 шешiмi

 

Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1735 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы шешім 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 30 маусымына дейін қолданылады.»;

аталған шешіммен бекітілген, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсету тәртібін айқындайды.»;

2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.