«Банктік және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметі және бағалы қағаздар нарығындағы өзге де лицензияланатын қызмет түрлері, акционерлік инвестициялық қорлардың қызметі және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 15 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

Банктік және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметі және бағалы қағаздар нарығындағы өзге де лицензияланатын қызмет түрлері, акционерлік инвестициялық қорлардың қызметі және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 15 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 4-тармағының бірінші бөлігіне және 57-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4-тармағының бірінші бөлігіне, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабы 16-тармағының 5) тармақшасына, «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Банктік және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметі және бағалы қағаздар нарығындағы өзге де лицензияланатын қызмет түрлері, акционерлік инвестициялық қорлардың қызметі және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың мынадай тізбесі белгіленсін:

1) Америка Құрама Штаттары (тек Американдық Виргин аралдары, Вайоминг штаты, Гуам аралы және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтарының бөлігінде ғана);

2) Андорра Князьдігі;

3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;

4) Багам аралдары Достастығы;

5) Белиз мемлекеті;

6) Бруней Даруссалам мемлекеті;

7) Біріккен Танзания Республикасы;

8) Вануату Республикасы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.