(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ТӨТЕН...

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 928 бұйрығы

(2020.04.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған мынадай нысандар:

1) Өрттер және адам өлімі туралы жалпы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;

2) Өрттер ретінде есепке алуға жатпайтын жану жағдайлары туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;

3) Өрттердің шығу себептері туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;

4) Өрттер шыққан объектілер туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;

5) Тұрғын үй секторындағы өрттер мен олардың зардаптары туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;

6) Дала өрттері мен тұтанулар туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;

7) Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде өрт туындамай, улы газбен уланудан тұрғын үй секторында қаза болған және жарақат алған адамдар туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.