Шығыс Қазақстан облысы бойынша сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 105 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына, «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына және «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары бекітілсін.
2. «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: