«Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2016 жылғы 23 маусымдағы № 271 бұйрығы

«Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2016 жылғы 23 маусымдағы № 271 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11623 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда аумақтық бөлімше өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетілген жауап жолдайды.

Аумақтық бөлімшелер мынадай негіздер бойынша рұқсат беруден бас тартады:

1) өтінім белгіленген нысан бойынша берілмеген;

2) рұқсат беру үшінті қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңымен және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңымен белгілеген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) өтінім берушіге қатысты жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.»;

1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.