Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2003 ж. 26 желтоқсандағы № 477 Қаулысы
(2014.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.24.12. № 248 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау тәртібін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 251 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына) жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмішевке жүктелсiн.
Ұлттық Банк
| Төрағасы | Г.Марченко |
Қазақстан Республикасының