Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 142 бұйрығы
(2024.15.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 ж. 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 14-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | Д. Ахмед-Заки |
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024.26.07. № 371 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.15.11. № 523 бұйрығымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
міндетін атқарушысының
2024 жылғы 3 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына 1-қосымша
Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның
құрамы
| р/с № | Аты-жөні (бар болған жағдайда) | Лауазымы
|
| 1. | Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысы, комиссия төрағасы; |
| 2. | Жанкуатов Ғалымжан Жандосұлы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары;
|