«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 18 маусымдағы № 37/02 қаулысына 1-қосымша) (күші жойылды)

Қарағанды облысының әкімдігінің

2019 жылғы 18 маусымдағы

№ 37/02 қаулысына

1-қосымша

 

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 44/04 Қаулысымен күші жойылды

 

«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік қызметті облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - МК) арқылы жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: оралман куәлігін беру.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

 

 

2 тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

 

5. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе МК-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылдарды бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішті және құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.